Қазақстанда ҮЕҰ үшін 15 номинация бойынша сыйақы енгізіледі

23.09.2015 2471

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасы ҮЕҰ жобаларын жаңа әдіспен қаржыландыруды қарастырады. Олар байқау бойынша іріктілетін ҮЕҰ гранттары бойынша жүзеге асырылады. Бұл талаптар «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптарына сәйкес болады. Сондай-ақ, ҮЕҰ грантының тең жартысын даму үшін қолданыла алады.

«ҮЕҰ үшін сыйақы енгізу ұсынылып отыр. Олар жыл сайын 15 номинация бойынша беріліп отырады. Сыйақылар үйлестіру кеңесінің ұсынысымен тағайындалатын болады. Үміткерлер қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан ұсынылатын болады», - деді мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов.

Вице-министр атап өткендей, үшінші өзгеріс – ҮЕҰ бойынша есеп беруді енгізу, олар республикалық ресми БАҚ алдында жұмыс қорытындысын ұсынып отырулары тиіс.

Индира Кауметова