ЕЭК табиғи монополия субъектілерін реттеу тәжірибесі мен жүйесіне мониторинг жүргізуде

22.09.2015 3428

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссиясының Энергетика және инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесі (Министр) Таир Мансуровтың төрағалығымен Табиғи монополиялар бойынша консультативті комитеттің жетінші отырысы өтті.

Келелі отырыста ЕЭК-тің Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО)  мүше мемлекеттермен бірлесіп жасақтаған табиғи монополиялар қызметіне мониторинг  жүргізуге арналған арнайы есептің үлгісі  талқыланды. 

Алқа мәжілісіне ЕАЭО мүше-мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен тәуелсіз талдаушылар қатысты.

«Мониторинг жүргізуге арналған арнайы есеп үлгісі тасымалдау, мұнай мен мұнай өнімдері, электрэнергияны бөлу және тарату, теміржол тасымалы/теміржол желілерінің магистралы саласындағы табиғи монополия қызметін қамтиды», - делінген хабарламада.