Қазақстан Елшісі Ирак Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

22.09.2015 3137

Бағдад қаласында ҚР Иорданиядағы Елшісі Азамат Бердібай Ирак Республикасының Президенті Фуад Маасумға Иракта Елші қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын табыс етті, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Ф. Маасумға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай , сондай-ақ еліміздің ірі халықаралық бастамалары туралы айтты

Тараптар Қазақстан мен Ирак арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Бағдад қаласына сапар барысында А. Бердібай Ирактың Сыртқы істер министрі Ибрагим Жаафаримен және Мұнай министрі Әділ Абд әл-Махдимен кездесулер өткізіп, саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.