Е.Сұлтанов: Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы – қазақстандық халықтың патриоттық негізі
18.09.2015
7109
Солтүстік Қазақстан облысында тілдердің облыстық XVII фестивалі өтуде. Шараға аймақ басшысы Ерік Сұлтанов қатысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Фестиваль тақырыптық көрмеден басталды, оны этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған болатын.
Аймақ басшысы бүгінде мемлекет елдің барлық этносының тілін үйреніп, дамытуға барлық жағдай жасап отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды біріктіріп отырған мемлекеттік тілдің маңыздылығын атап өтті.
«Әр халықтың туған тілі өте жоғары құндылық болып есептеледі. Әрбір ұрпақтың міндеті – туған тілдің байлығын сақтап қана қоймай, оны ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Тек қана тіл арқылы ұрпақтың мәдениеті мен ерекшелігі беріледі. Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы – қазақстандық халықтың патриоттық негізі», - деді Е.Сұлтанов.