XIII Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы Астанада өтеді
16.09.2015
4533
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келесі XIII Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумын «Еуразиялық кеңістіктің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту» тақырыбында Астанада өткізуге ұсыныс жасады.
Мемлекет басшысы форумда айтылған бастамаларды қолдайтынын айтты.
«Қазақстан бүгінде 3 жылда 14 млрд доллар тұратын ірі инфрақұрылымдық бағдарламаны жүзеге асырып отыр. Ол бағдарлама нәтижесінде біз 7 мың автожол жолдарын, темір жолдарды, әуежайларды, Каспий теңізіндегі порттарды қалпына келтіріп, Жібек жолы экономикалық белдеуін жалғастырамыз. Көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту біздің елдер үшін өте маңызды», - деді Н.Назарбаев.
ҚР Президенті келесі XIII Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумын Астанада өткізуді ұсынды. Ресей Президенті ұсынысты оң қабылдады.