Б.Төлегенова: Қазақ хандығының 550 жылдығы – барша қазақстандықтардың мейрамы
11.09.2015
2317
Қазақ хандығының 550 жылдығы – барша қазақстандықтардың мейрамы, деп ағынан жарылды КСРО-ның халық әртісі, актриса Бибігүл Төлегенова Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған қойылымда.
«Қазақ хандығының 550 жылдығы – бүкіл әлемдегі барша қазақстандықтардың мейрамы. Біздің тарихымыздың тамыры тереңде. Ал, бақытымыз өскелең ұрпақ Қазақстанның тарихы туралы тереңірек білетін болады. Зерттеу арқылы қазақстандық жас ғалымдар еліміздің тарихын тереңірек зерттей алады. Біздің егемендік алғанымыз және атаула датаны еркін атап өте алатынымыз үлкен бақыт», - деді Б.Төлегенова.
Ботагөз Айтжанова