А. Атамбаев: Түркітілдес мемлекеттердің саммиті - бауырлас халықтарымыздың бірлігі мен ынтымақтастығының куәгері
11.09.2015
2753
Түркітілдес мемлекеттердің саммиті бауырлас халықтарымыздың бірлігі мен ынтымақтастығының куәгері болды, деді Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Астанада өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің V саммиттінде.
«Түркітілдес мемлекеттердің саммиті бауырлас халықтарымыздың бірлігі мен ынтымақтастығының куәгері болды.Түркі әлемі ықылым заманнан бергі рухани бай халықтардың бірі. Біз бүгін түркілердің ұрпағы ата-бабамыздың патриоттығы мен рухын қайта оятуымыз керек. Бұл дәстүр мен құндылықтарды қайта жандандырсақ, келісім мен бейбіт өмірде өмір сүруді үйренеміз. Ол жарқын болашаққа апарары сөзсіз», - деді Елбасы.
Индира Кауметова