Ақтөбе қаласында 3265 мүлік жария етілді
10.09.2015
2443
Ақтөбеде 7 млрд теңгеге 3265 мүлік жария етілді, деп хабарлады Ақтөбе қалалық ІСБ.
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтөбе қаласында құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген мүлік объектілерін жария ету мүлікті жария ету процедурасы жүргізілуде.
Ақтөбе қаласы әкімінің шешімімен бекітілген мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия өз жұмысын жалғастыруда.
Қала әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясының хатшысы Айгүл Баймашованың 2015 жылдың 8 қыркүйегіндегі ақпаратына сәйкес комиссияға 2583 арыз келіп түсті, оның ішінде саябақша үйлерін, жеке тұрғын үйлерді, қосымша құрылыстарды жария ету бойынша.
Келіп түскен арыздардың ішінде, 852 арыз қайтарылды, 1617 арыз бойынша объектілер комиссияда қаралып, жария етілді, ал 3 арыз бойынша жария етуден бас тартылды, 111 арыз қаралуда.