ИИДМБ: Қазақстан Әзірбайжанға кезекті локомотив топтамасын жіберді

08.09.2015 2179

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ өндірген «Evolution» сериясындағы отандық тепловозының бесінші буынының кезекті локомотивтер топтамасы Баку қаласына жөңелтуге дайын, деп хабарлады «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы.

«ЛҚЗ»АҚ вице-президент Қанат Нұралы хабарлағандай, қазақстандық кәсіпорын мен Әзірбайжан теміржол арасындағы келісімге сәйкес зауыт ай сайын Бакуге екі локомотив жіберіп тұрады.

«Келісім шарт 2016 жылдың қаңтар айының соңына дейін есептелген. Алғашқы локомотив топтамасы ағымдағы жылдың тамыз айында жеткізілген болатын, барлығы Бакуге 10 локомотив жөнелтіледі», - деді Қ. Нұралы.

Бұл келісім «ҚТЖ»ҰК»АҚ мен Әзірбайжан теміржолдарымен көлік машинақұрылысы саласындағы жоғары деңгейдегі серіктестікті дәлелдейді.

Әзірбайжандық темір жолдар басшысы Д. Гурбанов атап өткеедей, олар «Қазақстан темір жолы»АҚ-мен өзара серіктестікке дайын.

 «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында қазақстандық машинақұрылысы өндірісінің экспорты арттырылуда. Қазіргі таңда отандық локомитивтер Қырғызстан, Тәжікстан, Украина мен Түркіменстан елдерінде пайдаланып келеді.