Астана мен Алматы әкімдіктері ақылы жолды анықтайтын болады

07.09.2015 2957

Астана мен Алматы әкімдіктері ақылы жолды анықтайтын болады, деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов Мәжілістегі «Жол-көліктік инфрақұрылымы,көліктік логистика және әуетасымалдауды дамыту бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу» заң жобасының таныстырылымы барысында.

«Осыған дейін заңда «ҚазАвтоЖол» ұлттық оператор қандай көшелерді ақылы ету керектігін қарастыруда, біз оны жергілікті атқарушы органдарға береміз, бірақ ол Алматы және Астана қалаларында ғана жүзеге асады», - деді З.Сағынов.

Ол айтып өткендей, ақылы жолдарда ҚР тұрғындарына арналған абоненттік төлем орнатылады.

«ҚазАвтоЖол» министрлікке Қазақстан тұрғындарына абоненттік төлем енгізуді ұсынып отыр. Мәселен, ол 90,120,360 күн үшін төлеп қойып шлагбаумдарға тоқтамайды, себебі жүйе оның нөмірін анықтағанда мәлімет алады», - деді ол.

Айта кетсек, қарастырылып отырған заң жобасы Ұлт жоспары – «100 нақты қадам», оның ішіне 58,65,66,67 және 68 қадамдарын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Сондай-ақ, Бюджеттік, Азаматтық және Салық кодексіне өзгертулер мен толықтыру енгізу, «Автомобильдік жолдар туралы», «Транспорт туралы» , «Темір жол көлігі туралы», «Табиғи монополиялар мен реттеу нарықтары» және т.б заңдарға өзгертулер енгізу қарастырылған.

ҚР Үкіметі аталмыш заң жобасының қабылдануы құқықтық механизмдерді жетілдіруге бағытталған.

Заңның қабылдануы республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қарастырмайды.