Г. Әбдіхалықова: БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту деңгейінің рейтингісінде Қазақстан 193 мемлекеттің ішінде 28 орынға табан тіреді

02.09.2015 2687

2014 жылдың қорытындысы бойынша БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту деңгейінің рейтингісінде Қазақстан 193 мемлекеттің ішінде 28 орынға табан тіреді, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова "Әлеуметтiк қамсыздандырудың мақсаттарына жетудегi АКТ саласының стандарттары мен бiрыңғай шешiмдерiн қабылдау жолдары" атты халықаралық конференциясы барысында .

«Бұл конференцяның  жан-жақты дамып келе жатқан Қазақстанның Астанасында өтіп жатқаны қуантады. Халықты әлеуметтiк қамсыздандыру саласында ақпараттық-технологияларды қолдану мәселелерi жөнiндегi Астана конференциясы МАСО (Халықаралық әлеуметтiк қамсыздандыру қауымдастығы) елдерiнiң демократиялық, экономикалық, технологиялық әлеуетi өзгерiп жатқан кезеңмен тұспа-тұс келді», - деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова.

Мемлекеттік хатшы атап өткендей, Қазақстан халыққа қызмет көрсетуде заманауи коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетті. «2014 жылдың қорытындысы бойынша БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту деңгейінің рейтингісінде Қазақстан 193 мемлекеттің ішінде 28 орынға табан тіреді», - деді ол.

Г.Әбдіхалықованың айтуынша, Қазақстанда инновациялқ қамтамасыз ету және инновациялық сақтандыру бойынша инновациялық шешімдер жасақталып жатқаны анық көрінеді. Бастысы барлық енгізіліп жатқан инновациялық жаңалықтар халық сұранысына қарай бейімделуде. Бұл өз кезегінде елідіміздің 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатырына ену бойынша стратегиялық жоспарын іске асыруға септігін тигізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Әлеуметтiк қамсыздандырудың мақсаттарына жетудегi АКТ саласының стандарттары мен бiрыңғай шешiмдерiн қабылдау жолдары" атты халықаралық конференция өтуде. Оған Дүниежүзiлiк банктiң, Халықаралық еңбек ұйымының өкiлдерi мен жеке компаниялардың қызметкерлерi қатысуда.

Индира Кауметова