Н.Назарбаев пен Хо Цинхуа Қазақстанның көмір өнеркәсібіне «Цинхуа» корпорацияның қатысуын ұлғайту мәселелерін талқылады
31.08.2015
2845
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ға ресми сапары аясында «Цинхуа» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар энергетика секторының даму перспективаларын, сондай-ақ корпорацияның Қазақстанның көмір өнеркәсібіне қатысуын ұлғайту мәселелерін қарастырды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Цинхуа» корпорациясымен бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар біздің еліміз үшін серпінді мәні бар екенін айтты.
«Сіздің компания Қазақстанда бірінші рет көмірді кешенді өңдеуден өткізеді. Оның мол қоры бар екенін ескерсек, бұл біздің энергия теңгерімі үшін зор мәнге ие», – деді Мемлекет басшысы.