К.Мәсімов: Қазақстанда өткен дзюдодан әлем чемпионаты барлық спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін нағыз мерекеге айналды
31.08.2015
2506
Қазақстанда өткен дзюдодан әлем чемпионаты барлық спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін нағыз мерекеге айналды, деп ағынан жарылды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада 24 тамызда басталған дзюдодан әлем чемпионатының жабылу салтанатында.
«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты қолдауының арқасында біз тамаша көріністен мол тәжірибе ала отырып, әрдайым осындай айтулы жарыстарды өткізуге дайынбыз», - деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, К.Мәсімов чемпионат қатысушыларына «жаңа спорттық жетістіктер мен жеңістер, сондай-ақ Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында сәтті ойын көрсетуді» тіледі.
Жабылу салтанаты халықаралық дзюдо федерациясының туын келесі әлем чемпионаты өтетін Мажарстанның ұлттық федерациясына табыстаумен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада өткен дзюдодан әлем чемпионатына әлемнің 120 елінен келген 700-ден астам спортшы қатысты.