А.Сәрінжіпов: Қазақстанның білім беру жүйесі жаңа оқу жылына дайын
26.08.2015
2932
Қазақстанның білім беру жүйесі жаңа оқу жылына дайын, деді ҚР БҒМ басшысы Аслан Сәрінжіпов ОКҚ-да.
Министр атап өткендей, алдағы оқу жылы ең басты мақсат – мектептік және мектепке дейінгі білімді жаңарату. «30 пилоттық мектеп айқындалды, осы жылы апробация жасаймыз», - деді ол.
Сондай-ақ, А.Сәрінжіповтың айтуынша, осы жылы мемлекеттік тапсырыс 80 мың грантты құрады, оның 5 мыңы республикалық бюджеттен, «Серпін» бағдарламасы да. «Жоғарғы білім беруге келетін болсақ, грант саны өткен жылғы сияқты 32 мыңды құрады. «Серпін» бағдарламасы бойынша 6 мың орын бөлінді. Ол орындар қамтылды», - деді ол.
Индира Кауметова