Қаржылық бақылау комитеті 2015 жылдың 1 жарты жылдығында мембюджетке 1,1 млрд теңге қайтарды

13.08.2015 3141

ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетімен 2015 жылдың 1 жарты жылдығында 2 957 бақылау іс-шаралары өткізілді, оның барысында бақылаумен 2 580 бақылау объектілері, соның ішінде республикалық бюджеттен қаржыланатын 378 мемлекеттік мекеме, жергілікті бюджеттен қаржыланатын 1 342 және 860 шаруашылық субъект қамтылды, деп ведомстводан хабарлады.

«Есептік кезеңде анықталған заңнама бұзушылық   291 743,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде: бюджеттік және басқа қаржылық бұзушылықтар -  217 807,4 млн.теңгені, мМемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі бұзушылық -  73 936,4 млн.теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, бюджеттік заңнама мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға 2 653  ұсыну жолданды, оларды орындау үшін 2015 жылдың 1 жарты жылдығында бюджетке қалпына келтіруге және өтеуге тиесілі 63 670,0 млн.теңгеден барлығы 58 161,1 млн.теңге (91,3%) қалпына келтірілді және өтелді, сондай-ақ бюджетке  1 120,4 млн.теңге ақша түрінде өтелді.

Сонымен, жолданған ұсынулардың негізінде мемлекеттік сатып алудың 168 процедурасы бойынша қорытындылар қайта қаралды және күші жойылды.

«Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 41 623,5 млн.теңгеге 272 материал жолданды, олар бойынша бүгінгі күні 63 қылмыстық іс қозғалды. Жіберілген бұзушылықтар үшін тексерілген бақылау объектілерінің 2 947 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп баспасөз қызметінен түсіндірді.  

 Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша бюджеттік заңнама мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 868 лауазымды тұлға тартылды, бұл ретте жалпы салынған әкімшілік айыппұл  119,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде бюджетке - 85,1 млн.теңге.