Ұлт жоспары: ҚХА жобалары қазақстандық сәйкестік пен бірлікті одан әрі нығайтуға бағытталған

05.08.2015 3573

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен мемлекет-үлкен отбасы», «Мерейлі отбасы», «Бірге өмір сүру» атты жобалары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қазақстандық сәйкестік пен бірлікті нығайтуға жұмыс істейтін болады, деді Мәжіліс депутаты Зухра Саяпова Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Біз қазір 1995 жылы құрылып, «Біздің үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» ұранының аясында қызмет етіп келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінің жемісін көріп отырмыз. Өзінің этникалық «менін» сақтай отырып, өзі тұрып жатқан елге қатысты патриоттық көзқарас формуласы өміршеңдігін көрсетті. 100-ден астам этностар бір шаңырақ астында бейбітшілікте, тату көрші ретінде өмір сүруде. Бүгінгі таңда мемлекеттің алдына әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру туралы үлкен міндет қойылып отыр. Бұл жерде тағы да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы мен қолдауы сезіледі. 5 институционалды реформада көрінс тапқан 100 нақты қадам жаһандық және ішкі қарама-қайшылықтарға қатысты қолға алынған шаралар»,-деді З.Саяпова.

Депутаттың сөзінше, ҚХА-ның «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы», «Мерейлі отбасы», «Бірге өмір сүру» жобалары қазақстандық сәйкестік пен бірлікті одан әрі нығайту бағытында қызмет ететін болады.    

«Нақтырақ айтқанда, 4-ші сәйкестік пен бірлік реформасына тоқталатын болсақ. Реформалар «Мәңгілік ел» патриоттық актісін дайындау мен жүзеге асырудан басталады. Бұл талай уақыттар бойы халықтың елегінен өткен қаншама буынның асыл арманы. Ал, ҚХА-ның кең ауқымды «Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» жобасы қазақстандық сәйкестік пен бірлікті одан әрі нығайтуға қызмет ететін болады. Ассамблеяның «Мерейлі отбасы» мен «Бірге өмір сүру» сияқты жобалары азаматтық қоғамдастықты нығайтуға қажетті шарттар қалыптастырады»,-деді ол.           

Сонымен қатар, ҚХА мүшесі «Мәңгілік ел» құндылықтарын мектеп бағдарламасына енгізу 5 институционалды реформаның нақты жүзеге асуына негіз болатындығын атап өтті.

«Біз мектеп қабырғасынан бастап-ақ оқушыларға біздің мемлекет ретінде әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруіміз қажеттігін түсіндіруіміз керек. Бұл міндет болашақ ұрпақтың еншісіне тигелі отыр. Сонда аталған маңызы зор үлкен бағдарлама болашақ ұрпаққа ұғынықты болады. Біз алдағы уақытта да Парламентте институционалды реформалар бойынша заңнамалар дайындауды жалғастыра беретін боламыз»,-деді депутат. 

Анар Тәңірқұлова