ИИДМБ: 8 мың компания энергоаудитінің қорытындысы бойынша энергия тиімділік шараларының жоспары түзіледі (ВИДЕО)
2016 жылдың ортасына дейін 8 мың мемлекеттік энергетикалық реестрдің субъектісі энергоаудитті аяқтайды, олар бойынша ИИДМБ аясында энерготиімділік шараларының жоспары түзіледі, деп ағынан жарылды ҚР ИДМ ИДӨҚК энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру басқармасының бастығы Олжас Әлібеков «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Оның айтуынша, Елбасы энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру мәселелеріне үлкен көңіл бөледі, себебі ол Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатырына енуіне септігін тигізеді және ел экономикасының бәсекелестілігін арттырудың басты құралы.
«Бүгінде біздің ведомство индустрияландырудың бірінші бесжылдығын атқару бойынша барлық міндеттерді жүзеге асырды, 2012 жылы заң қабылданды, кешенді жоспар жасақталды. Барлық сарапшылар мен энергоаудиторлардың біліктілігі арттырылды. Барлығы 100 адам оқытылды», - деді О.Әлібеков.
Басқарма басшысы атап өткендей, заң аясында мемлекеттік энергетикалық реестр жасақталып, оған 8000 субъекті енгізілді. 2016 жылдың ортасына дейін олар энергоаудиттен өтуі тиіс, оның қорытындысы бойынша ИИДМБ аясында энерготиімділік шараларының жоспары түзіледі.
«Ағымдағы жылы энергоүнемдеу туралы заңға өзгерістер енгізілді. Бүгінде 8 мың мемлекеттік энергетикалық реестрдің субъектісі бар. Олардың 50-і ірі кәсіпорындар, олар бүкіл мемлекет тұтынатын энергияның 30-40% тұтынады. 2016 жылдың ортасына дейін олар энергоаудиттен өтуі тиіс, оның қорытындысы бойынша ИИДМБ-ның екінші бесжылдығына арналған энерготиімділік шараларының жоспары түзіледі», - деп түйді ол.
Анар Тәңірқұлова