Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

03.08.2015 3161

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіндері  баспасөзде жарияланады.