2013 жылы Қазақстанда 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды
22.10.2013
5424
2013 жылдың 9 айында Қазақстанда 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, деп мәлімдеді Аймақтық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында.
«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асырудың қорытындысын жасай отырып, құрылыс қарқынының өсіп келе жатқанын айта кеткен жөн. Ағымдағы жылдың 9 айында 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды», -деді Қ.Өскенбаев.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, осы қарқынды сақтай алсақ, биыл тұрғын үй құрылыс көрсеткіші былтырғыдан көбеймек.
«Осылайша 6,8 млн шаршы метр тұрғын үй қаматамасыз етіледі», - деп уәде берді Қ. Өскенбаев Премьер-Министрге.
«Осы орайда жалпы көрсеткіштің 59 пайызы, яғни 2,7 млн шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысына тиесілі. Бұл өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 12 пайызға жоғары», - деді ол.
Мемлекеттік меншіктегі кәсіпкерліктер мен ұйымдарға 9 айда 525 мың шаршы метр қолданысқа берілген.