2015 жылдың 1 маусымына сәйкес халық саны 17 млн 519 мың адамды құрады – ҚР ҰЭМ

20.07.2015 4526

2015жылдың 1 маусымына еліміздегі халық саны 17 519,0 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 950,3 мың (56,8%), ауылдықтар – 7 568,0 мың адамды (43,2%) құрады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика агенттігі.

2015 жылғы қаңтар-мамырда халық саны жалпы ел бойынша 101,4 мың адамға немесе 0,6% өсті, 2014 жылғы 1 маусымен салыстырғанда халық саны 254,4 мың адамға немесе 1,47% өсті.

«АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтар-мамырда туылғандар саны 159,1 (160,2)  мың адамды құрап, 2014 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 0,7% кеміді. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,93 (22,40) туылғандарды құрады», - делінген хабарламада.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 55,6 (55,8) мың адамды құрады, бұл 2014ж. қаңтар-мамырға қарағанда 0,4% кеміді. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,67 (7,80) қайтыс болғандарды құрады.

2015ж. қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,9 мың адамға немесе 0,9% кеміп, 103,5 (104,4) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,26 (14,60) адамды құрады.
2015ж. қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 1 536 (1 721) адамды құрап, 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% азайды.

Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрақты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 6,4% кеміп, 6 827 адамды құраса, елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 13,7% көбейіп, 8 928 адамды құрады, көші-қонның айырымы -2 101 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 87,3% және 89,4% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 37,3% көбейіп, 191 542 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,6% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (21 030 адам), Астана (405 адам) қалаларында және Ақмола (1 298 адам), Қостанай (570 адам) облыстарында қалыптасты.