Fitch «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі рейтингін «BBB+» деңгейінде «Тұрақты» деп растады
Fitch Ratings «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының рейтингтерін растады: шетел валютасында эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингі (ЭДР) «BBB+», ұлттық валютада ұзақ мерзімді ЭДР «A-», ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)» және шетел валютасында қысқа мерзімді ЭДР «F2». Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты», деп хабарлады ұлттық компания.
«Сондай-ақ, Fitch «Бәйтерек» холдингінің басымды қамтамасыз етілмеген ішкі облигациялар шығарылымдарының рейтингтерін растады: ұлттық валютада ұзақ мерзімді рейтинг «A-» деңгейінде және ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)»», - делінген хабарламада.
ЭДР мен басымды қарыз рейтингтерін растау 100-пайыз Қазақстан Республикасының меншігіндегі мемлекеттік даму институты болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтік компания ретіндегі «Бәйтерек» холдингінің өзгермеген ерекше мәртебесін көрсетеді («BBB+»/«A-»/болжам «Тұрақты»).
«Бәйтерек» холдингінің рейтингтері Қазақстанның егемен рейтингтерімен бір деңгейде тұр, бұл мемлекеттік сектор компаниясы ретіндегі оның мәртебесін, мемлекет тарапынан қатаң бақылауды және мемлекеттің экономикалық саясатын іске асырудағы маңызды рөлін қамтып көрсетеді. Рейтингтер мемлекет тарапынан холдингтің едәуір қаржыландыруын да ескереді. Холдингке рейтинг беру кезінде Fitch мемлекеттік сектор компаниялары бойынша әдістемені пайдаланады және оны кредиттік-байланысқан құрылым ретінде қарастырады.
Холдинг рейтингтері егеменді рейтингтерді көрсетеді. Позитивтік рейтингілік іс-қимыл Қазақстан рейтингтері жоғарылаған жағдайда жүргізіледі. Және, керісінше, Қазақстан бойынша жағымсыз рейтингілік іс-қимыл болған кезде немесе мемлекеттік кепілдіксіз едәуір нарық қарызының эмиссиясы соған дәлел болатындай «Бәйтерек» холдингінің мемлекетпен байланыстары бәсеңдеген жағдайда, рейтингтер төмендеуі мүмкін.
Агенттік «Бәйтерек» холдингі ұлттық басқарушы холдингтік компания ретінде өзінің ерекше мәртебесін сақтап қалатынына негізделеді. Соның салдарынан мемлекетпен байланыс орнатудағы оның стратегиялық маңыздылығы және мемлекеттің қолдау көрсетуге әзірлігі мықты болып қалады.