ҚР-ның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында Қазақстан үшін энерготиімділікті арттыру маңызды бағыт - ҚР ИДМ
Қазақстан экономиканы жаңғырту бойынша алдына үлкен мақсаттар қоюда, солардың бірі энерготиімділікті арттыру. ҚР-ның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында ол маңызды бағыт, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау Астанадағы қазақстан-неміс энергетикалық форумының «Өндірістегі энерготиімділік» панельді сессиясының барысында.
«Бүгінде энерготиімділік әлемдік экономиканың тренді, ол өзіне барлық технологиялық және инфрақұрылымдық аспектілерді жинады. Қазақстан экономиканы жаңғырту бойынша алдына үлкен мақсаттар қоюда, солардың бірі энерготиімділікті арттыру. ҚР-ның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында ол маңызды бағыт. Энерготиімділікті артыру саясатына бастау беру бірінші бесжылдықпен тұспа-тұс келді», - деді А. Рау.
Вице-министр атап өткендей, Қазақстан экономикасының энергосыйымдылығын өзге мемлекеттермен салыстыратын болсақ оның экономикасының қаншалықты энергосыйымды екенін көруге болады.
«Халықаралық энергетикалық агентіктің мәліметі бойынша 2040 жылға қарай әлемнің энергияны тұтыну көлемі 37%-ға артуы керек, ЭЫҰД елдеріне келетін болсақ энерготиімділік саясатына байланысты оларда көрсеткіштің артуы болжанып отырған жоқ. 2035 жылда қарай ғаламшарды энергиямен қамтамасыз ету үшін жылына 2 трлн долларға жуық инвестиция қажет болады», - деді А. Рау.
Ботагөз Айтжанова