Астанада Мәжіліс депутаттары Оренбург облысының ғалымдар делегациясының өкілдерімен кездесті
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ресей халықтары Ассамблеясының және Оренбург облысының ғалымдар делегациясының өкілдерімен кездесу өткізді. Оның барысында қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жұмыстары, екіжақты ынтмақтастық пен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талықланды.
«Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды, олардың барлығын құзырлы комитеттерде жұмыс істеуде. Парламент регалменті бойынша ҚХА депутаттық тобы кеңесші беру бағытында жұмыс істейді, біздің комитет ретіндегі мәртебеміз жоқ. Біздің депутаттық фракциямыз 21 адамнан тұрады, оған барлық фракция өкілдері кіреді»,-деді Парламент Мәжілісінің депутаты Егор Каппель.
Естеріңізге сала кетейік, қонақтардың Астанаға сапары барысында, яғни осыған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ресей халықтары Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары: қазақстандық сәйкестік пен бірліктегі міндеттер мен тетіктер» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Кездесу барысында Ұлт жоспарын жүзеге асыру, азаматтық сәйкестікті нығайту, бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі, екі елдің ассамблеялары арасында мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды.
Ботагөз Айтжанова