Мәжіліс инвестицияларды кетермелеу және қорғау туралы ҚР мен Жапония арасындағы келісімді мақұлдады
09.07.2015
2674
ҚР Парламент Мәжілісі инвестицияларды кетермелеу және қорғау туралы Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы келісімді мақұлдады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Хабарда, келісімге 2014 жылдың 23 қазанында Астанада экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторларының Біріккен комиссиясының 5-ші отырысы барысында қол қойылды.
Тараптар келісімге 18 жыл дегенде қол жеткізді.
Келісім инвестицияларды қорғау мен көтермелеуге қолайлы құқықтық жағдай жасауға, инвестициялық климатты арттыруға және елдер арасындағы өзара пайдалы сауда-экономикалық ынтымақтастығын ары қарай нығайтуға бағытталған. Жалпы 2005 жылдан 2014 жылға деЙін Жапониядан Қазақстанға жасалған тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 4,5 млрд долларды құрады.