«Атамекен» палатасының бірыңғай тізіліміне құрылыс материалдарының 400-ден астам өндірушісі енгізілді

09.07.2015 3300

Кәсіпкерлерге көмек ретінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан Тапсырыспен қамту орталығы құрылады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметінен. Қазақстан Республикасының ЕАЭО мен ДСҰ-дағы интеграциялық үрдістері аясында отандық өндірушілерді қолдау мәселесі өзекті болып отыр.

«Соған байланысты Ұлттық палата ішкі нарықтағы импортты алмастыру және отандық кәспіорынды қолдау мақсатында Тапсырыспен қамту орталығын (Контракция орталығы) құру туралы бастама көтерді»,  деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Контрактация орталығы отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін жасаумен, тендердің құжаттама жобасын алу мәселесін шешумен, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің техникалық ерекшелігінің сараптамасымен айналысады. Сондай-ақ орталық бюджеттік жобалардың технико-экономикалық негіздемесі бойынша сараптама жүргізумен, жобалық-сметалық құжаттамамен,  қазақстандық өнім бойынша талаптар қалыптастыру мақсатында Қазақстанда жүзеге асырылатын ірі жобалармен айналысады. 

«Отандық өндірушілердің өнімін сатып алу көлемін арттыру бойынша жүйелі, орталықтандырылған іс-қиміл ішкі нарықтағы тауар өндірісі мен тұтыну балансын жасауға мүмкіндік береді»,  деп түсіндірді Ю. Якупбаева.