ҚР Премьер-Министрі Үндістанмен ынтымақтастықтың бірқатар маңызды бағытын атап өтті (ФОТО)

07.07.2015 2917

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан-Үндістан бизнес-форумы аясында бірқатар бағытта Үндістанмен ынтымақтастық маңызын атап өтті.

«Бүгін біз Орталық Азияға  2 млрд доллар тікелей шетел инвестициясын тарттық. Сондай-ақ, біз Еуразиялық одақ мүшелері мен Батыс пен Шығыс көпірі аясына  көліктік жоба бойыша серіктес болып есептелеміз», - деді К.Мәсімов.

Шара барысында ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның 100 нақты даму қадамын атап өтті.

«Біздің Президент Н.Назарбаев дамудың нақты қадамына қол қойды, біз 2050 жылға қарсы 30 елдің қатарына енуді жүзеге асырамыз. Бұл орайда Қазақстан мен Үндістан маңызды серіктес болып саналады. Бұл әлеуетті жалғастыру үшін бізге экономиканың әр түрлі мүмкіндігін қолдануымыз қажет. Бірқатар нақты қадам ұсынғым келеді: біріншіден біз Үндістаннан Қазақстанға инвестиция тарттық. Біз бүгін Үндістанмен маңызды салалар бойынша келісім орнаттық», - деді К.Мәсімов.

Үкімет басшысы атап өткендей, Қазақстан білім беру саласында ынтымақтастықты жақсартуға мүдделі.

«Технологияның институттары Үндістанда өте беделді. Инжиниринг, технология сынды салалар. Біз институттар арасында ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Біз Еуразиялық орталықта Үндістанның қатысқанын қалаймыз», - деді Премьер.

Ботагөз Айтжанова