Астанада Қазақстан мен Үндістанның Премьер-министрлерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді
Астанада 7-шілдеде Премьер-Министрлер Кәрім Мәсімов пен Нарендра Модидің қатысуымен қазақстандық-үндістандық бизнес-форум өтеді.
«KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамының хабарлауынша, іс-шараға екі елдің сауда палаталарынан, Үндістанның мұнай-газ және құрылыс, химиялық өнеркәсіп, фармацевтика, машинақұрылысы, агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ірі компанияларынан 100-ге жуық адам қатысады деп күтілуде. Бизнес-фору аясында Атару облысындағы Сәтпаев бөлігіндегі бірінші барлау кенішін іске қосу бойынша телекөпір өтеді деп жоспарлануда.
Форум қорытындысы бойынша, қазақстандық және үндістандық серіктестермен ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойылмақ. Айта кететін мәселе, 2005 жылы Үндістаннан Қазақстан Республикасының экономикасына 206 млн доллар тікелей инвестиция тартылған. Қазақстанда үндістандық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорындар жұмыс істеуде.