Қазақстан мен Сербия басшылары екіжақты достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесін сөз етті
06.07.2015
2961
Сербия Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық және президенттік лауазымындағы қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Сербия достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен тығыз жұмысқа әзірліктерін растады.
Әңгімелесуге Сербия тарапы бастамашылық етті.