Елорда күніне арналған аспаздық байқауда 8 астаналық мейрамхана бақ сынасты (ФОТО)
Астана күнін тойлау аясында Астанада қалалық алаңда аспаздық өнер шеберлері фестивалі аясында аспаздар сайысы өтті.
«Бұл шара 4-ші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Бұл байқауда қала мейрамханалары бақ сынасты. 8 мейрамхана оның іштерінде кофейнялар да бар», - деді қала әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Рысгүл Қауғабаева.
Байқауға қатысушылар ішінде «Ассорти», «Усадьба», «Сұңқар», «Лагуна», «Алтын Ғасыр» ж»не т.б.
Айта кетейік, байқау үш номинация бойынша анықталды. «Үздік даяшы», «Үздік бармен», «Үздік кәсібитағам», және қосымша «Үздік мейрамхана» болды.
«Үздік бармен» номинациясында «Ассорти» мейрамханасы үздік деп танылды, «Үздік даяшы» «Меруерт» мейрамханасына бұйырды. Кәсіби тағам «Ассорти» мейрамханасында кетті, ең үздік мейрамхана атағына «Усадьба» ие болды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Индира Кауметова
Фото Азамат Алиев