Н. Назарбаев: Индустрияландыру Қазақстанның негізгі мақсаты дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін қажет

02.07.2015 3435

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарынан көріну мақсатына жетуі үшін индустрияландыру мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту керек, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында.

«Қазақстан қашанда шикізат елі болған. Ол шикізат тасымалдаумен айналысқан, ал енді бүгінгідей заман өзгерген тұста біз тек осы кәсіппен ғана күн кеше алмайтынымызды түсіндік. Шикізат әрдайым сұранысқа ие болмайды және шикізаттың бағасы да осындай жоғары болып тұра бермейді, біз де тек шикізаттың есебінен өмір сүре бермейміз. Тап осы индустрияландыру мен шағына және орта бизнесті дамыту, орта таптың үлкен үлесі –бізге керегі осы. Осының барлығы да біздің басты мақсатымыз – әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан көрінуіміз үшін керек»,-деді Елбасы.   

Ұлт Көшбасшысының айтуынша, қазір қызмет етіп тұрған кәсіпорындардың тиімділігі мен өнімділігін арттыру керек. «Істеп тұрған кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін өндіріс үнемділігін қамтамасыз ететін жүйе, роботтау элементтері, автоматтандыру, технологиялық желілерді жаңғырту керек, ал бұл көрсеткіштердің енгізілуі жұмыс орындары қысқарады дегенді білдіреді. Артық адамдар қысқартылады, роботтар келеді, бүгінгі таңдағы көптеген мамандықтар болашақта керек болмай, жоқ болып кетеді. Мен бәсекеге дайындалыңдар деп әрдайым айтып келген болатынмын, бүгінде соны айтамын, тап осындай технологиялық жаңғыртуға дайындалыңыздар»,-деді Президент.  

Индира Кауметова