Астана Қала күнін мерекелеуге дайындалуда (ФОТОРЕПОРТАЖ)
2015 жылы Астана өзінің 17-ші туған күнін тойлайды.
Жыл сайын қала басшылығы мерекеде өтетін шараларды ойластыруда, мерекелік күндері Астанаға Қазақстанның әр түпкірінен қонақтар келеді.
Қалалық қызмет елорда көшелерін әрлеуде. Бас көшелерде қала күнінің белгісімен жалаушалар орналасқан.
«Бәйтерек» монументі жанындағы жасыл алаңда гүлден жасалған аркалар орналастырылған. Тұрғындар бұл әсемдікті сурет беттеріне сақтауда.
Қала бойынша Астанаға деген махаббат пен ықылас тілектер ілінген. Олардың бірі «I love Astana» «Хан шатыр» ОСК қарама-қарсы ғашықтар паркінде бой көтерді.
Қаланың әр бөліктерінде әр түсті шамдар орналасқан. «Алматы» ауданында 20 жарықдиодты шам тұр, Ш.Құдайбердіұлы, Абылай хан, Тәуелсіздік, Қараөткел көпірі, Бараева көшесі аудандары безендірілген.
Сондай-ақ, қалада гүлзарларды суару, жолдарды сылау, ағаш отырғызу сынды жұмыстар да жүргізілуде.
Айта кетейік, осы жылы Елорда күніне орай 70-тен астам шара өтеді. Бұл шаралардың көшін «Сахнадан сәлем» фестивалі бастап берген болатын.
Ботагөз Айтжанова
Суретке түсірген Азамат Әлиев