Алдағы 5 жылда ШҚО-да 535 млрд теңгенің 30 жобасы жүзеге асырылады
Алдағы 5 жылда ШҚО-да 535 млрд теңгенің 30 жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Ақпарат орталығы.
Аймақтың өнеркәсіп саласын дамытуда ағымдағы және ортамерзімді перспективада басты серпін Индустрияландыру картасы аясындағы жобаларға беріледі.
Олардың арасында әсіресе, 2017-2018 жылдар аралығында іске қосылатын екі жоба ерекшеленіп тұр. Бұл толықциклді автозауыт құрылысы мен құны 113 млрд теңге болатын, 4 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отырған Өскемендегі автобөлшектер өндіретін технопарк және 1,5 мың жұмы орнын ашу көзделіп отырған құны 113 млрд теңгелік Ақтоғау ГОК құрылысы. Өңірде полиметал рудалар өнідерін алқапты ашып, Риддер тау-кен байыту кешенінің Тишин руднигің төменгі жағындағы рудалар кенішін дамыту көзделіп отыр.
«Биылғы жылдың 5 айының қорытындылары бойынша алатын болсақ, аймақтың әлеуметтік-экономикалықкөрсеткіштерінің айтарлықтай жетілгендігін көреміз. Биылғы жылы «Казцинк» компаниясы барлық метал түрлерін өткен жылғыдан көп өндіруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда таусылып бара жатқан минералды-шикізат қорының орнын толтыру үшін геологиялық бақылау жұмыстарын республикалық бюджеттен қаржыландыру екі есеге ұлғайды. Бизнес-құрылымдар белсенді жұмыс атқаруда, ал біздің міндетіміз оларға қажетті жағдай жасау»,-дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Аймақ басшысы сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының автосүйер қауымы жаңа заман көліктеріне қызығушылық танытып отырғандығын айта келе, аймақта машинақұрылысы саласына көп көңіл бөлу қажеттігіне назар аударды. Қазіргі таңда PricewaterhouseCoopers халықаралық консалтинг компаниясы тарапынан автомобиль өндірісін дамытуға бағытталған халықаралық деңгейде шебер-жоспар дайындалып жатқандығын атап өтті.
Айта кетейік, 5 айыдың ішінде аймақ тұрғындары 800 автомобиль сатып алған, ал жеңілдікпен несиелендіру жөніндегі бағдарлама бойынша мемлекеттік банктердің қарауына 5,5 мың өтініш жолданған.