Қазақстанда 2015 жылдың 5 айында 153 мың адам жұмыспен қамтылды
30.06.2015
3359
Қазақстанда 2015 жылдың 5 айында 153 мың адам жұмыспен қамтылды.Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Индустрияландыруды кадрлық қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
«Ағымдағы жылдың бес айында 153 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 52% немесе 80 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды, 73 мың адам кәсіпорындарға уақытша жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыстарға жіберілді», - деді ол.
5 мыңнан астам адам мемлекет есебінен оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілді.
Индира Кауметова