ШҚО-ның 6 кәсіпорны жәрмеңкеде 46 бос жұмыс орнын ұсынды
27.06.2015
4020
Шығыс Қазақстан облысының «Нұр Отан» партиясының филиалы Өскемен қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту» ҚБ «Жұмыспен қамту-2020 аясында азаматтарды қабылдау» республикалық акциясы аясында бос жұмыс орын жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкені өткізудің мақсаты: түлектер мен жұмыссыздарға жұмыспен қамтуға көмек көрсету.
Өңірдің ІСБ хабарлағандай, жәрмеңкеде 56 жұмыс іздеуші мен 6 кәсіпорын жұмысқа қабылдады. Оның ішінде: «Промстрой» ЖШС, «Білім беру бөлімі», «НПЦ ГРИД» ЖШС , «Система ГРИД» ЖШС, «Энерготорг Сервис» ЖШС, «Best Alliance Group» ЖШС олар 46 жұмыс орнын ұсынды.
Жұмыс іздеушілерге ҚР «жұмыспен қамту туралы» заңы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша кеңестер өткізді.