Теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 11,8%-ға ұлғайды – ҚР Ұлттық банк

23.06.2015 3540

2015 жылғы мамырдың соңындағы жағдай бойынша орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі баламасында 3001,6 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«Теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 11,8%-ға ұлғайып, 103,1 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 3,4%) болды. Бұл ретте теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2015 жылғы мамырда 8,59% болды», - делінген хабарламада.

Доллармен орналастырылған депозиттердің көлемі 2015 жылғы сәуірмен салыстырғанда 15,1 млрд. АҚШ долларын (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 93,3%-ын) құрады. АҚШ долларымен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,11% болды. Ресей рублімен және еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі шамалы болды – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің тиісінше 3,2%-ы және 0,1%-ы.

Шетел валютасымен банкаралық депозиттердің үлесі орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 96,6%-ы болды. Шетел валютасында резидент емес банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінің 95,4%-ын құрады.

Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2015 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2015 жылғы мамырдың соңындағы жағдай бойынша 13,7%-ға ұлғайып, 48,7 млрд. теңгені құрады.