Н.Назарбаев: Қазақстанда сапалы білім беру деңгейі 9 сатыға көтерілді

15.06.2015 2977

Халықтың сауаттылығы рейтингісі бойынша Қазақстан құрметті 33 орынды иеленді, сапалы білім беру деңгейі 9 сатыға көтерілді, деп мәлімдеді РК Президенті Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне дипломдарын тапсыру салтанатты рәсімінде.

«Халықтың сауаттылығы рейтингісі бойынша Қазақстан құрметті 33 орынды иеленді, сапалы білім беру деңгейі 9 пунктіге көтерілді. Осы жолда біздің университетіміздің қосқан үлесі зор, сондықтанда біз ол туралы мақтанышпен айтамыз»,- деді ҚР Президенті.

Елбасы атап өткендей, бүгінде Қазақстан әлемде жылдам дамып келе жатқан экономикалар қатарына жатады. «Адам капиталын дамыту индексінде Дүниежүзілік экономикалық форумының жариялаған мәліметі бойынша бір жылдың ішінде еліміз 8 сатыға көтеріліп, 37 орынға орнықты. Осылайша ол Португалия, Греция, Испания, Мексика, Түркия, Малайзия, Қытай мен Бразилия сынды елдерді басып озды»,- деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан өз тарихындағы ең жауапты кезеңге аяқ басты. «Жылдар бойы, дағдарыстар мен келеңсіздіктер жылдарында мен халқымның әл-аухатының артуын армандадым. Мен Қазақстанның прогрессивті мемлекет болатынына сендім.  Тағдыр теперінішін аз тарпадық, алайда барлық қиындықтарға мойынсұнбай өткердік»,- деп ағынан жарылды Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Назарбаев Университетінде ҚР Президентінің қатысуымен алғашқы түлектердің салтанатты рәсімі өтті. Оған студенттер, ата-аналар, оқытушылар құрамы мен ірі ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Сөйтіп, 446 студент Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері атанды.

Индира Кауметова