ҚР мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық Кеңесінің екінші отырысы Бішкекте өтеді
Келесі мәжілісті біз Бішкекте өткізуді жоспарлап отырмыз, біздіңше Парламент пен Жогорку Кенешке Кеңестің жоспары мен тиісті ережесінің жобасын дайындауды тапсырған жөн, деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Кеңестің бірінші мәжілісінде.
«Бізде қазір екіжақты мүдделерді тоғыстыратын сауалдар көп. Біз қазір қазақстандық-қырғыстандық парламентаралық қатынастардың жаңа сапалы форматына көшу кезеңінде тұрмыз. Мұндай ынтымақтастық екі елдің парламенттері тарихында осыған дейін болмаған. Келесі мәжілісті біз Бішкекте өткізбекпіз, осыған қарай біз Парламент пен Жогорку Кенешке Кеңестің жоспары мен тиісті ережесінің жобасын дайындауды тапсырған жөн деп есептейміз»,-деді Қ.Жақыпов.
Оның сөзінше, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастар халықаралық және аймақтық мәселелер және ядролық қауіпсіздік пен терроризм, экстремизим, есірткі тасымалы сияқты қауіптер бойынша көзқарастардың бірдей болуымен ерекшеленеді.
«Ұзақ жылдардан бері жалғасын тауып келе жатқан өзара көмек пен өзара қолдау біздің екіжақты қатынастарымыздың мықты негізі болып табылады. 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде 500 орындық екі жалпыға бірдей білім беретін мектеп салу ісін қолға алу туралы шешім қабылдаған. Бірінші мектептің ресми ашылу рәсімі болды. Екінші мектептің құрылысы жалғасып жатыр. Бұған қоса, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық тек екіжақты форматта ған емес, түркітілдес мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы аясында да жалғасуда»,-деді Қ.Жақыпов.
Ботагөз Айтжанова