Ұлт жоспары: Ағылшын тілін білу Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жоспарының маңызды бөлігі

12.06.2015 3331

Институционалды реформалардың маңызды бөліктерінің бірі «Бірыңғай болашақ ұлты» үш тұғырлы тілі болып табылады, деді Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттің саяси стратегиясы кафедрасының профессоры, саясаттану ғылымының докторы Жаңылжан Жүнісова Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Институционалды реформалардың маңызды бөліктерінің бірі «Бірыңғай болашақ ұлты» үш тұғырлы тілі болып табылады. Әлемде халқының барлығы екітілді білетін елдер көп емес. Бұл елдің үлкен жетістігі, дегенмен, жаһандану тұсында әлемдік тілдерді меңгеру маңызды. Халықаралық тәжірибе ағылшын тілін білмей жоғары жетістіктерге, нақтырақ айтқанда әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру мүмкін еместігін көрсетіп отыр»,-деді Ж.Жүнісова.   

Сонымен қатар, ғалым «Бірыңғай болашақ ұлты» реформасының өзге де қырлары туралы айтып берді.

«Оның маңызды бөлігі еуразиялық идея. 1994 жылы Нұрсұлтан Назарбаев бұл идеяны Мәскеу университетінің қабырғасында көтерген болатын. Оның бағыттарының бірі «Мәңгілік ел» болды. Ұлттық идея жоқ болса, бірлі,к ұлттық бірлік туралы сөз қозғау бекер әурешілік»,-деп қосты ол.   

Ботагөз Айтжанова