Үндістанда Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды - ҚТЖ
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мәмин Үндістанға жұмыс сапары аясында аталмыш елдің теміржол жолдары, кеме қатынасы мен автожолдар министрлерімен екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Аталып өткендей, кездесу барысында «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамытуды есепке ала отырып екі елдің көлік әлеуеті мен Үндістан және Еуразия құрлығындағы ірі мемлекеттер нарығының өзара тауар тасымалдаудың тиімді логистикалық мүмкіндіктері анықталды.
А.Мәминнің кеме қатынасы және автожол министрі Нитин Гадкари мен Үндістанның теміржол жолдары министрі Суреш Прабху кездесуі арысында екі ел арасындағы серіктестіктің мүмкіндіктері, оны одан ары дамыту мәселелері талқыланып, Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол дәлізін пайдалана отырып тауар қозғалысын жеңілдетуге бағытталған келісімдерге қолжеткізілді.
«Бұдан басқа, Үндістанның бизнес ортасына аймақта экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті логистикалық мүмкіндіктер таныстырылды», - делінген хабарламада.