Пан Ги Мун: Рухани көшбасшылар Астанаға бейбіт қоғамды қолдау үшін келді
Съезге діни көшбасшылар бейбіт қоғамды бірігіп қолдау үшін жиналды, деді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде.
«Діни Көшбасшылар қоғам алдында жауапты. Дінге сенушілер мен олардың діндері осы дін үшін қылмыстық әрекеттерге барса, онда дін дінге қарсы шыққан болады. Мен жақында ғана төзімділік, келісім мен бірлік тақырыбына қатысты тақырыптық дебаттарға қатыстым. БҰҰ алаңына біз бейбіт қоғамға бірігіп қолдау көрсету үшін дін көшбасшыларын жинадық. Әлемнің осы бөлігінде БҰҰ-ның превентивті дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы дін көшбасшылары диалогын жүзеге асыру жолында жұмыс жүргізуде»,-деді Пан Ги Мун.
БҰҰ Бас хатшысы сөйлеген сөзінде дінді адамзатқа қарсы құрал ретінде пайдаланатын экстремистік топтар туралы айтты.
«Біз бүгін экстримизмнің кең ауқым алып бара жатқанын көріп отырмыз. Осы ретте айта кететін мәселе, зорлық-зомбылық әкелген, адамдарды өлтіріп жатқан дін емес. Бұл өздерінің зорлық-зомбылық әрекеттері үшін дінді, адамдардың сенімін пайдаланып отырған жекелеген адамдар. Бұл әрекетті тыю үшін дін қайраткерлері бірігіп қимылдаулары керек»,-деді Пан Ги Мун.
Ботагөз Айтжанова