Қазақстан заң әділеттілігі бойынша әлемдік рейтингте 6 позицияға көтерілді

10.06.2015 2659

2015 жылы Қазақстан World Justice Project халықаралық үкіметтік емес ұйымының әлемдік рейтінгінде заң әділеттігі бойынша 65-ші орын алды, ол 6 позицияға көтерілді, деп хабарлады ortcom.kz.

Қазақстан осы рейтінгте өзінің серіктестерін басып озды: Молдова – 69 орын, Украина-70, Қытай-71, Қырғызстан – 74, Ресей-75, Түркия-80, Өзбекстан-81.

Айта кетейік, 2015 жылы рейтингтің үміткерлерін әлемнің 102 елі 8 бағыт бойынша бағалады: билік институтының шектау құзіреттілігі, жемқорлықтың жойылуы, тәртіп пен қауіпсіздік, құқықтың негізі, билік интитуттарының ашықтығы, заңға бағыну, азаматтық заңдылық, қылмыстық заң.

Осы жылғы рейтинг көшбасшылары болып Солтүстік Еуропаның Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия, Нидерланды елдері атанды. Үздік ондық қатарына Жаңа Зеландия, Австрия, Германия, Сингапур мен Автралия енді. Рейтингтің соңында Зимбабве, Ауғанистан және  Венесуэла тұр.