Дін көшбасшылары кеңесі діндер мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізуде маңызды рөл атқаратын болады – ҚР Президенті

10.06.2015 3935

Мен Дін көшбасшыларының кеңесі әлемдік рухани-тәлімгерлік құндылықтарды нығайтуда, өзара түсіністіктің қалыптасуында, діндер мен мәдениеттер арасындағы келісім қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынына сенімдімін, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде.

«Мен Дін көшбасшыларының кеңесі әлемдік рухани-тәлімгерлік құндылықтарды нығайтуда, өзара түсіністіктің қалыптасуында, діндер мен мәдениеттер арасында келісім қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Бүгінгі заман ағымы уақыт өткен сайын Жаһандық конфессияаралық диалог сияқты тетікті қажет етіп отырғандығын көрсетті»,-деді ҚР  Президенті.  

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы осының алдындағы съезден кейін өткен 3 жылдың ішінде әлем діни айырмашылықтар негізінде адамдар арасында жік салуға бағытталған небір дөрекі әрекеттердің куәсі болғандығын атап өтті.

«Әлемдегі ең төзімді діндердің бірі ислам, исламның терроризм мен экстремизмнің кез-келген  түріндегі әрекеттерін ақтап алуға ұмтылу ақылға сыйымсыз. Мен осындай күрделі де қиын-қыстау кезеңде барлық дін қайраткерлерін келісім мен төзімділікті және кешірім жасау ісін екі есе көп насихаттауға шақырамын»,-деді Ұлт Көшбасшысы.

Индира Кауметова