М.Қазбекова: ЕАЭО-ның кедендік үрдістеріне «бір терезе» әдісі енгізілді
09.06.2015
3237
«Бір терезе» арқылы меморгандар арасындағы өзара қызмет және сыртқы экономикалық қызметті реттеп отырған құжаттарды таныстыру шаралары жүзеге асады, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова ОКҚ брифингінде.
««Бір терезе» арқылы меморгандар арасындағы өзара қызмет және сыртқы экономикалық қызметті реттеп отырған құжаттарды таныстыру шаралары жүзеге асады. «Бір терезе» әдісі мемлекеттік органдарға, мүше мемлекеттерге, сыртқы экономикалық қызметті реттеушілерге сапаны көтеріп, мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді», - деді М.Қазбекова.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, әдіс сын-қатерлерді басқару арқылы деңгейді көтеруге мүмкіндік береді.
«Сондай-ақ, мүше мемлекеттердің мемлекеттік қызмет көрсетуде шығынын қысқартуға мүмкіндік береді. Оған қоса, әкімшілік үдерістерді жеңілдетіп, тиімділікті көтереді», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова