ЕАЭО қара металлургия саласындағы дамуды тежеп отырған проблемалық мәселелердің шешу жолдарымен айналысады

05.06.2015 3247

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында қара металургия саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту үшін осы саланы талдау арқылы үлкен әлеуетті анықтады, деп хабарлайды ЕЭК-тің баспасыз қызметі.

ЕЭК Өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Владимир Мальцевтің айтуынша, қара металургия нарығының басты мәселелерінің бірі 4 мемлекеттен келетін инновациялық өнімдердің импорт көлемінің жоғары болуымен байланысты. Сондай-ақ талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша, импортталатын тауарлардың ұқсас түрлерін шығара алатын жоғарытехнологиялы кәсіпорындардың басым көпшілігі Ресей аймағында.     

Владимир Мальцев ЕАЭО аймағындағы өндірістік қуаттардың өте қатты ескіру проблемасын атап өтті.  

«Бұған қоса, кадр ресурстарының біліктілігін арттырып, ресурстар мен өндірістің энергиясыйымдылығын кеміту керек. Бұл мақсатқа Одаққа мүше елдердің салаларының барлық бәсекеліктік басымдықтарын пайдалана отырып, қол жеткізуге болады. Бұл ретте басымдық бұдан да тиімді өнеркәсіптік ынтымақтастыққа, ұлттық салалардың құрылымы мен тепе-теңдігіндегі үйлеспеушілігіне, сондай-ақ жоғары деңгейдегі болат өнімдердің өндіріс көлемін келісілген түрде арттырылуына бағытталуы керек»,-деді департамент директоры.       

ЕЭК Өнеркәсіп департаменті тараптармен, сарапшылар және бизнес-қауымдастықпен бірлесе отырып, ЕАЭО аясында қара металургия саласындағы проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жолдары қарастырылатын болып жоспарланды. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі бойынша, ЕЭК Кеңесінің қолданыстағы өндірістерді жаңғырту мен олардың жаңаларын құруға, импортты алмастыру шарттарын қамтамасыз етуге, қара металургия саласының инвестициялық және инновациялық белсенділігін арттыруды қарастыратын бірлескен шараларды ұсынатын тиісті кеңестері әзірленеді.