Қазақстан әлемде әр тұрғынға шаққанда егін егу көлемі бойынша жетекші орында тұр – ҚР Президенті

04.06.2015 5567

Қазақстан Австралия және Канадамен қатар әлемде әр тұрғынға шаққанда егін егу көлемі бойынша жетекші орында тұр, деп мәлімдеді ҚР Президенті Н.Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінде.

«Ауыл шаруашылығы саласында халықтың 40% тұрады және олардың 22% ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Қалаға айналу өте баяу жүруде және біз оған асығып жатқан жоқпыз. Біздің әлем бойынша ауыл шаруашылығын дамытуда үздік қолайлы жағдайларымыз бар.  Егін егу алаңы 250 млн га – бұл әлем ресурсының 4%. Қазақстан Австралия және Канадамен қатар әлемде әр тұрғынға шаққанда егін егу көлемі бойынша жетекші орында тұр», - деді ҚР Президенті.

Бұдан басқа, Н.Назарбаев еліміздің табиғи климаттық  жағдайы мен ауыл шаруашылығының негізгі бағыттарын атап өтті.

«Түрлі табиғи климаттық аймақтардың болуы бізге көптеген салада бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Қазақстан бидай экспорттаушыларының үздік ірі 10-ғына кіреді, бидай ұнын тасымалдау бойынша 1 немесе 2 орындамыз. Ал, бидайды одан ары өңдеу бізде әлі дамыған жоқ. Жыл сайын Еуропа мен ОА елдеріне 8 - 10 млн тоннаға дейін бидай экспорттаймыз, біз бұл туралы кеңестік кезеңде тіпті армандайда алмайтынбыз. Жалпы, қазақстандық экспорт георафиясына 70 мемлекет кіреді. БҰҰ болжамы бойныша 2025 жылға қарай халық саны 8, 2050 жылы 9 млрд адамды құрайды. Жақын 15 жылда орта таптың тұтынушылар саны 3 млрд-қа өседі, оның 90% Қытай мен Үндістанға келеді»,- деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова