П.Фостер: «100 қадам» - бұл Қазақстанды ірі қаржы мен мәдениет орталығына айналдыру
02.06.2015
3111
«100 қадам» - бұл Қазақстанды ірі қаржы мен мәдениет орталығына айналдыру шаралары, ол туризмді дамытуғада септігін тигізеді, деп хабарлады «Air Astana» авиакомпаниясының президенті Питер Фостер Астанадағы баспасөз конференциясында.
Елбасы жариялаған «100 қадам» бағдарламасы жаңғыртуға бейімделген. Бұл Қазақстанды, Астананы ірі қаржы мен мәдениет орталығына айналдыру шаралары, ол туризмді дамытуғада септігін тигізеді. Біз авиакомпания ретінде Елбасы әлемнің бірқатар елдеріне режимсіз жүйені енгізу туралы ұсынысын қолдаймыз», - деді П.Фостер.
«100 қадам Қазақстанды сауда, коммерция, қаржы мен мәдениеттің жаһандық халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. «Air Astana» компаниясы осы процесте өз ролін атқару мүмкіндігін мақтан тұтады», - деп түйді ол.
Айта кетерлік жайт, 2015 жылдың сәуір айында Елбасының Жарлығымен 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бекітілді.
Анар Тәңірқұлова