ШҚО-да «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы аясында 95 отбасы баспаналы болды
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының Қайсым Қайсенов ауылында «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған тұрғын үйден 95 пәтердің кілттері табыс етілді.
«ҚазақстанныңТұрғынүйЖинақбанкі» акционерлік қоғамының салымшылары 2-корпусты бесқабатты үйден пәтерлерін алды, Олардың арасында ұстаздар, дәрігерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары бар, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
Хабарлама ақпараттарына қарағанда, азаматтар үшін мұндай үйде тұру өте ыңғайлы, жақында жерде автобус аялдамасы мен балабақша орналасқан. «Жергілікті атқарушы органдар Президент алдыға қойған тұрғындардың тұрғын үй мәселелерін шешу туралы міндеттері орындалуда. Қуантатыны олардың арасында жас мемлекеттік қызметкерлер де бар. Тұрғын үй мәселесі шешілді, енді сіздерге тек алаңсыз жұмыс істеп, халық пен Президенттің сенімін ақтау керек»,-деді ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жетекшісінің орынбасары Тоқтамыс Жұмағұлов пәтер алушыларды құттықтай отырып.
Айта кететін мәселе, 2016 жылы «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ тарапынан салынған 2 көппәтерлі үйден 70 отбасы баспаналы болады деп күтілуде.