Қазақстанның Андоррадағы Елшісі сенім грамоталарын табыс етті

27.05.2015 3531

Қазақстан Республикасының Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Бақыт Дүйсенбаев Андорраның тең Князі Жоан Энрик Вивес-и-Сисильяға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың келешегін талқылап, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен бірге, сапар аясында Андорра Сыртқы істер министрі Жильбер Сабойя Суньемен кездесу өткізілді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ туризм, банк саласы және Қазақстанның БҰҰ ҚК-не кандидатурасын қолдау мәселелері талқыланды.