Ә.Исекешев: БҰҰ рейтингінде Қазақстан «Адамдарға арналған электронды үкімет» жобасымен 193 елдің ішінде 28 орынға шықты
Қазақстан өткен жылы БҰҰ рейтингінде «Адамдарға арналған электронды үкімет» жобасымен 193 елдің арасында 28-ші орынға тұрақтады, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев VIII Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан «Тұрақты дамуды қаржыландырудың инновациялық шешімдері: әлеуметтік ақпарат құралдарының рөлі» атты конференция барысында.
«Тұрақты инфрақұрылымда дамыту бойынша тұрақты дамудың 17 мақсатының біреуін жүзеге асыра отырып, инновацияларды ынталандыру мен тұрақты индустрияландыру және жан-жақты қолдау барысында 2013 жылы Мемлекет басшысы «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Осыған қарай бүгінде Қазақстанда «электронды үкімет жасақталды». Осылайша, өткен жылы )fpf0cnfy «электронды үкімет азаматтар үшін» жобасымен БҰҰ рейтингінде 192 мемлекеттің арасында 28-ші орынға табан тіреді»,-деді министр.
Оның сөзінше, БЭФ есебінің желілік дайындық индексі бойынша Қазақстан 143 мемлекеттің арасында 40-шы орынды алды.
Қазақстанда интернетті пайдалану тығыздығы Исекешевтың айтуынша, 70 пайызды құрайды. Ауылдық аймақтардағы байланысты қамтамасыз етуге бағытталған CDMA/EVDO (Evolution Data Optimized) байланыс стандартары енгізілген. Сондай-ақ қаладағы байланысты қамтамасыз ететін FTTH (Fiber to the home) жүйесі енгізіліп, 3G и 4G технологияларын пайдалану бағытында жұмыстар жүргізілуде.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер «электронды үкіметпен» қатар ұялы байланыс пен ХҚО арқылы да жүзеге асырылуда. «Электронды үкімет» инфрақұрылым арқылы 70-тен астам сервистер мен қызметтер көрсетілуде»,-деп нақтылады министр.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш конференцияға халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерден, IT-компаниялардан 100-ден астам өкілдер қатысуда. Олардың арасында сарапшылар мен академик және бизнес саласының өкілдері бар.
«Аталған конференция 2014 жылғы «электронды үкімет» Жаһандық форумының жалғастық кезеңі болып табылады. Онда әлеуметтік медиа, ашық мемлекеттік мәліметтер мен жеке сектордың рөлі сияқты тұрақты даму сессиялар қарастырылған»,-деді Ә.Исекешев.
Индира Кауметова