ЭСҰ қатысушылары Темір жол транзиттік бағыттарының картасын талқылады
Тегеранда Экономикалық серіктестік ұйымының (ЭСҰ) Темір жол мекемелерінің басшылары қатысуымен 12-ші кеңесі өткізілді. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров бастаған делегация қатысты, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстанмен қатар 1992 жылдан бері Иран, Пәкстан, Түркия құрған Экономикалық серіктестік ұйымына мүше болып табылады. Осы бірлестік аясында аймақтағы бірлескен жұмыстарды атқару белсенді жүргізіледі. Көлік саласына барынша басты назар аударылады.
Кеңесте темір жолға қатысты жобалар қаралды. Оның ішінде Стамбул-Алматы контейнерлік пойызының бағдарын ұзартып, Қытайға дейін кедергісіз қозғалысын ұйымдастыру жайы талқыланады. Талқылау барысында Бандар-Аббас(Иран) – Қазақстан - Қытай бағдарындағы контейнерлік пойызымен жүктерді көбейтуге қолайлы жағдай жасау көзделді.
Жаңадан ашылған Өзен-Берекет-Гөрган темір жол желісін тиімді пайдалану мәселесі қаралды.
Талқылау барысында ЭСҰ аясындағы темір жол желілерінің жүйесіне қосылған басымдықты көлік жобаларын жүзеге асыру мен аймақтық серіктестікті тиімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Кеңеске қатысушылар ЭСҰ аясындағы теміржолдың транзиттік бағдарларының Картасын келісіп, есептерін қабылдады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Транзиттік –көліктік Үйлестіру кеңесінің 6-шы отырысына, темір жол көлігі машинасын жасаудағы соңғы жетістіктерге арналған 4-ші халықаралық конференцияға қатысты.